Раздел для нотариусов
Новости
|
Главная » НЕГІЗГІ
НЕГІЗГІЖеңіс күні. Бүгін қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні. Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Осы ұлы мерекеге орай, 8 мамыр 2015 жылы Алматы қаласы Нотариалдық Палатасы Алматыдағы 28 Панфиловшылар атындағы саябаққа гүл шоқтарын ұсынды. Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар, Жүздеріңде жанған от жарқылы бар. «Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің, Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақты ер, Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ, Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар, Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар. Арамызда жүретін алшаң басып, Майдангерлер азайып барасыңдар.
|
Опрос:
|