Раздел для нотариусов
Новости
Главная » Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу.

 

             Уакыттын еш жетиспейтин шагында элетронды қызмет көрсету саласында жасалып жатқан жаналықтар халыққа тиімді өз кезегінде мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етіп, қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттырады.

            Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 15-V Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Республикамызда жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу мүмкіндігі туды.

          Электрондық тіркеу дегеніміз, мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне (ЖМТ МДҚ) автоматты түрде түсетін, құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

          Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу электронды тіркеу кезінде де сақталады. Бас тартуға немесе тіркеуді тоқтата тұруға негіз болған жағдайда, тіркеуші орган тиісті шешім қабылдайды. Электронды тіркеу кезінде тіркеудің жүргізілгендігі туралы тіркеуші органның сандық қолтаңбасымен куәландырылған, тіркеу туралы жазбаларды, тіркеу күнін, арыз нөмірі көрсетілген хабарлама жолданылады. Хабарлама бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге  (БНАЖ), сонымен қатар, мәмілеге қатысушылардың  электронды мекен-жайларына түседі.

          Электрондық тіркеу тұлға жылжымайтын мүлікке құқықтарын тіркеу үшін құжаттар топтамасын жинау, ХҚКО-да кезекте тұрып өткізудің қажеттігі жоқ болуында,  тіркеу бір күн ішінде еш бір қосымша жылдамтату төлем ақысыз жүзеге асырылады.

 

Алматы қаласы Әділет дапартаменті Жылжымайтын мүлікке құқықтарды  тіркеу басқармасының жетекші маманы Турсунгожинов К.Б.

 

 

 

Опрос: