Раздел для нотариусов
Новости
Главная » Нотариустар шығармашылығы

Нотариустар шығармашылығы

Әділет саласы күні құтты болсын!

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығына сәйкес, Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби Төл мерекесі күні 2012 жылғы 30 қыркүйекте  тұңғыш  рет  ресми тойланып,  Алматы қаласы Әділет департаментінде екінші жыл «Әділдікті жақтаймыз, мамандарды мақтаймыз» атты мерекелік салтанатты кеш өтті.

1380696118

      Алматы қаласы Нотариалдық Палатасының төрайымы Қ.Калабаева  әділет саласында әділдікті жақтап жүрген мемлекеттік қызметшілерге өзінің құттықтау сөзін сөйледі.

     Салтанатты кеште Алматы қаласы Нотариалдық Палатасының заңгерлері Абулгазин Жаксылык және Алдышева Ұлжалғас, сондай-ақ Алматы қаласы нотариустары Нурмат Даулет және Хасенов Жанібек белсене ат салысты.

1380696131

   Алматы қаласы Нотариалдық Палатасы әділет қызметшілеріне  зор денсаулық, бастарыңызға  рухани байлық, әділдіктің ақ жолында аянбай еңбек етіп, Тәуелсіз мемлекетіміздің абырой-атағына бөлене берулеріңізге шын ниетпен тілектестігімізді білдіреміз!

 Алматы қаласы Нотариалдық Палата баспасөз қызметі

Опрос: